Сайлау-2022

Көпбалалы аналармен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден кенді өлке Қарағандыда көпбалалы аналармен кездесті.

Алдымен жиналғандарды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырған кандидат кездесу барысында қатысушылар көтерген түйткілді мәселелерге жауап берді.

«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік бағытта көмек көрсетеді. Мұнда әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша қолдау тетіктері бар. Жеке кәсіп ашу үшін бизнес-жоспар әзірлеуге және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға жәрдемдеседі.

Кандидаттың облыстағы өңірлік штабы да кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Қарақат Әбденнің ­Қарағанды облысы бойынша сенімді өкілі Шолпан Әбілдинаның айтуынша, осы облыстағы жеті аудан мен алты қалада сайлау нүктелері және пункттері орналасқан.

– Әр аудан, қалалардан біз еріктілерді жинап алдық. Солар арқылы кандидаттың бағдарламасын әрі қарай таратамыз, – деді Ш.Әбілдина.

Кандидатпен кездесуге келген көпбалалы аналардың бірі – Сандуғаш Құлмақова. Ол қоғам белсендісімен жақынырақ танысқанына қуанышын жасыра алмады.

– Кандидатпен бетпе-бет таныстық. Пікірталас жасап, ұсыныстарымызды айттық. Президенттікке кандидат Қарақат Әбден болса өзінің бағдарламасымен бөлісті, – деді көпбалалы ана.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button