SportЖаңалықтар

Мерекелік веложарыс



Сенбі, жексенбі күндері Астанада велосипед спортынан әуесқойлар арасында ашық чемпионат өтті. Шараны «Good Energy» велосипед клубы ұйымдастырды.

Велошабандоздар алдымен жеке-жеке жарысты. Түстен кейін топтық жарыста жеңіске бірлесіп жетуге күш салды.
Жарыстың арақашықтығы Тельман кентінен бастап Оңтүстік айналма жол арқылы Қарағанды тасжолына дейін жалғасты.
Ал жексенбі күні «Астана Арена» стадионы алаңында «Sprint Challenge» сайысы өтті. Мұнда 500 метрлік қашықтықта «Үздік спринт» атағы сарапқа салынды.
Сонымен қатар, «Отбасылық спринт» және «Балдырған» атты сайыстар ұйымдастырылды. Бұл бәсекенің ерекшелігі, 7 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен бірігіп, жеңіске ұмтылды. «Балдырған» жарысында бүлдіршіндер 50 метр қашықтықта 3 дөңгелекті велосипедтермен жарысты.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button