Қоғам

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЗОР МҮМКІНДІК



Есту қабілеті төмен жандар қазақ қоғамының бастамасымен Астана қаласының орталық саябағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу құрылғыларымен толықты. Енді мүмкіндігі шектеулі адамдар таза ауада бос уақыттарын жаттығу жасап, пайдалы өткізе алады.

presbiakuzis-2-kopirovat

Мамыр айында өткен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесу жиынында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүмкіндігі шектеу­лі жандар үшін жаттығу құрылғыларын орнатуға уәде берген болатын. Үкіметтік емес ұйымдар уәдесінде тұрып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жаттығуына зор мүмкіндік жасап отыр.

– Жаттығу құрылғылары елордалық есту және сөйлеу қабілеттері төмен қоғам мүшелерінің қолдарымен жасалған. Бұл сыйлықты тарту етудегі мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық спортты дамыту. Мүгедектік – бұл үкім емес, өз ағзаларын қалпына келтіруге талпынғандар үшін тіпті өмірінің соңы емес. Сенімділік пен өмір сүруге деген құлшынысы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдануға мүмкіндік те мол, – деп санайды мамандар.

Функционалдық жа­ғы­нан бұл құрылғылар әдеттегіден еш кем емес. Құрылғылардың бір айырмашылығы сол, ерекше тағдыр иелеріне икемделіп жасалған. Осындай құрылғылармен шұғылдану төзімді болуға, күш-қуатыңды арттыруға әрі өз-өзіңе деген сенімділікке жетелейді. Сондай-ақ, мұндай спорттық алаңдар арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа достармен танысуға мүмкіндік алады. Сол себепті мәдениет пен демалыс саябақтары және аула алаңдарына осындай құрылғылар орнату қажет. Ал жаттығу құрылғылары орталық саябақтағы теннис кортының маңында орнатылды әрі оларда шұғылдану – тегін.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button