Жаңалықтар

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОРТАЛЫҚТА ОЛҚЫЛЫҚ КӨП

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мамандандырылған  халыққа қызмет көрсету орталығындағы   түйткілді мәселелерді талқылады. Есіл ауданы әкімдігінде өткен жиынға салаға жауапты басшылар мен қоғам белсенділері қатысты.

photo_127126-kopirovat

Департамент басшысы Тілеген Қаскиннің айтуынша, елордадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында әлі де болса «әттеген-айлар» баршылық. Міне, осы мәселені сала басшылары қоғам белсенділерімен бірлесіп шешкені жөн.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көптеген мәселе қамтылды. Солардың ішінде мемлекеттік қызметкердің халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуі керек екені жақсы айтылған. Яғни, біздің басты ұранымыз, Елбасы айтқандай, «Біздің міндет – халыққа қызмет» болуы керек. Өкінішке қарай, халыққа қызмет көрсетуі тиіс кейбір мамандандырылған орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп жатады. Міне, осы мамандандырылған орталықтағы олқылықты ақылдаса отырып, тезірек шешуіміз керек, – деді ол.

Жиын барысында агенттіктің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы Асқар Рахматулин мен Астана қаласы ХҚКО үйлестіру қызметі департаментінің басшысы Ерлан Шүренов баяндама жасады. Сондай-ақ, отырыста қоғам белсенділері өз ойларын ортаға салып, тың ұсыныстарын жеткізді. Ал Тілеген Төлегенұлы болса азаматтық қоғам өкілдері көтерген мәселені назардан тыс қалмайтынын айтып, сендірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button