Елорда тынысы

«Мыңжылдық» саябағы қалай өзгереді?



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жақында тұрғындармен кездесіп, «Мыңжылдық» саябағының қалай өзгеретінін айтты. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында ақпарат таратты. Кездесуде тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер), жолдар, инженерлік инфрақұрылымдар салу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және тағы басқа мәселелерді көтерді.

«Мыңжылдық» саябағы елорданың тартымды орындарының біріне айналуы тиіс еді. Бірақ іс жүзінде шағын ауданның бірқатар маңызды проблемасы бар. Тұрғындармен бірге саябақтың даму жоспарын талқылап, қалпына келтіруге кірістік. Сонымен, «Мыңжылдық» саябағының бойында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарастырылған. Мысалы, аталған шағын ауданда 5 мектеп бар. Мұнда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектеп, жеке инвесторлар есебінен тағы екі мектеп саламыз. Сонымен қатар, инвестор жаңа вокзал ауданында амбулаторлық кешеннің құрылысын жүргізіп жатыр. Сол сияқты, екі балабақша салу да жоспарланып отыр» деді қала басшысы.

Жеңіс Қасымбек құрылыс нысандарын салушыларға қойылатын талаптардың  күшейгенін жеткізді. «Арнайы бұрмалары жоқ жерлерге тұрғын үй кешенінің салынуына рұқсат берілмейді. Сондай-ақ құрылыс салушылар өз аумақтарын тиісті деңгейде абаттандыруы және көгалдандыруы қажет. Шағын ауданды инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін нөсер кәрізінің тазарту құрылысы, нөсер кәрізінің коллекторларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылу-энергетикалық жүйені дамыту бағдарламасы аясында үлестіру пункті мен трансформаторлық қосалқы станция салу, 110 кВ ЭБЖ реконструкциялау, салу («Жұлдыз» қосалқы стансасының трансформаторларын ауыстыру және «Восточная» қосалқы стансасының 110 кВ кабельдік желісін реконструкциялау) және т.б. жұмысы жүріп жатыр. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Орындау мерзімі бойынша аудан әкімдігі тұрғындарға хабарлайды. Саябақты қалпына келтіру – Мемлекет басшысының тікелей бақылауында» деп жазды Жеңіс Қасымбек.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button