Елорда тынысы

Талғамсыз жарнамалар жойылады

Астанада қала көшелерінің өрескел, талғамсыз, алабажақ жарнамалар мен маңдайшаларға толуына қарсы тосқауыл жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қазір елордада қаланың сырт келбетін 2019 жылы әзірленген дизайн-кодқа сәйкес келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері қала ұйымдарымен және кәсіпкерлерімен ғимараттардың қасбеттерін және басқа да қалалық мүліктерді безендіруге қойылатын талаптарды сақтау қажеттілігі туралы үнемі түсіндірме жұмысын өткізеді.

2023 жылдың басынан бастап елорданың барлық бес ауданында ғимараттардың, үйлердің және басқа ғимараттардың қасбеттерінен қаланың дизайн кодына сәйкес келмейтін 6,5 мыңға жуық жарнамалық билборд, маңдайша, дөңгелекті жарнамалар алынып тасталды.

Бүгінгі таңда аудан әкімдіктерінің өкілдері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және алып тастау бойынша тұрақты көшпелі іс-шаралар өткізіп жүр. Кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер мен жадынамалар беріледі. Бұдан былай кәсіпкерлер жарнамаға қатысты тиісті қағидаларды және сыртқы, көрнекі жарнама объектілерін орнатуға қойылатын жаңа талаптарды орындауы тиіс. Көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау әкімдіктер тарапынан күшейтілді.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button