Жаңалықтар

НИДЕРЛАНД – ШЕКСІЗ ЭНЕРГИЯ ОРДАСЫ



ТЕҢІЗ ДЕҢГЕЙІНЕН ТӨМЕН ОРНАЛАСҚАН НИДЕРЛАНДТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНА ЗЕР САЛСАҚ, СУ ТАСҚЫНЫНА ЖИІ ҰШЫРАҒАН. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТУЫНДАУЫНА КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ, АТАП АЙТҚАНДА, СУ АПАТЫ ТҮРТКІ БОЛҒАН ЕКЕН. 

Көрме кезінде өз павильондарын ойын-сауық түріндегі интерактивтік тәсілдермен көрсетіп, бірлесе жұмыс жасау арқылы қазірдің өзінде әлемді өзгертуге болатындығын жеткізеді.
Нидерланд павильоны қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Голландиялықтардың өмір салты мен дүниетанымын бір түспен ғана әйгілеп тұр.
– Инновациялық павильон жасақтауды көздеген жоқпыз. Оның идеясы – қарапайымдылығында. Өйткені біздің ел қарапайым әрі тиімді шешімдерді жақсы көреді. Бірінші кезекте әр адамның жасампаздығына назара аударылады. Ал қоршаған ортаға жайлы әсер ететін болашақ энергиясы жасампаз шешімдерді қажет етеді, – дейді павильон жетекшісі Эвелин Бэлл. Оның айтуынша, Нидерланд – географиялық ортада ең жайсыз орналасқан ел. Инновациялардың арқасында осы «кемшілігін» пайдаға жаратып келеді. Корольдік жыл сайын әлемдегі ең инновациялық елдердің қатарына еніп отыр.
Интерактивтік павильонда баламалы энергия көздерін қолдану аясындағы озық жобалармен таныстырады.
Нидерланд өндіретін энергияның 4,5 пайызын желден алады екен. Мысалы, 48 турбинадан тұратын, сағатына 500Кв энергияны өндіретін жел стансасының өзі 160 мың үйді және әрбір үшінші пойызды энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы. Сонымен қатар, павильонда инновациялық бағдарламалар туралы ақпарат берілген.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button