Елорда тынысы

Оңалту орталықтары ашылады



Биыл елордада салынатын жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында оңалту орталықтары ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық және қажетті көмекпен барынша қамту үшін оңалту орталықтарының желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Биыл бірқатар мектептер мен балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинетін ашуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандарды, оның ішінде оңалту орталықтарын ашуды қарастырамыз. Мұндай орталықтардың ашылуын ата-аналар тағатсыздана күтетінін білемін» деді Жеңіс Қасымбек.

«Асыл Мирас» аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталыққа бардым. Бұл – Болат Өтемұратов қоры әкімдіктің қолдауы­мен жүзеге асырған Астанадағы екінші орталық. Қазір мұғалімдерді қабылдау жұмысы жүріп жатыр, көп ұзамай балалар осы орталыққа баратын болады. Жаңа орталық жылына 900-ге жуық баланы қамти алады» деп түсіндірді қала басшысы.

Әкім сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар қатынайтын №89 балабақшаға барды. Онда «Болашақ» Корпоративтік қорымен бірлесіп инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Кездесуде ата-аналар тьюторларды дайындау мәселесін көтерді. «Біз осы бағытта жұмыс істейміз. Оңалту орталықтары балалардың денсау­лығын сақтауға, оң нәтижелер көруге әрі оларды әлеуметтендіруге мүмкіндік береді. Бәрінен бұрын, балалардың әлеуметтенуі маңызды» деді Ж.Қасымбек.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button