Жаңалықтар

Өңір өмірі



Өскеменде төрт қабатты теннис орталығы пайда болады. Елімізде дәл мұндай теннис орталығы бұған дейін салынбаған. Орталық негізгі залдан бөлек, жаттығу орны, қонақтарға арналған жайлы демалыс аймағы мен дене шынықтыру залынан тұрады.

Әлемдік стандартқа сай төрт қабатты теннис орталығы күн санап көркейіп, жаңарып, жасарып келе жатқан ауданның дамуына үлкен ықпалын тигізетіні анық. Қазіргі таңда құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.

«Қазір ішіндегі бөлмелер мен жабдықтардың қалай орналасатынын нақтылау керек. Бұл өте маңызды. Сол үшін біз жобалық жұмыстарға жаттықтырушыларды тарттық. Олардың қатарында дарынды спортшылардың бірнеше буынын тәрбиелеген Сергей Литвинов бар» деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button