Жаңалықтар

ӨРКЕНДІ ӨЗГЕРІСТЕР ӨРІСІ



59487ec1af29b96ce348357929408fa6_XL

Күннен-күнге сәулеттеніп, ірге кеңейтіп келе жатқан бас қаламызда қоғамдық көліктің алатын орны айырықша. Ресми мәліметтер бойынша тұрғын халқы сегіз жүз мыңнан асқан мегаполистегі қала ішілік автобус қатынастарының жақсы жолға қойылуы тек тәртіпті қамтамасыз етіп қоймайды, адамдардың еркін жүріп-тұруына да оң әсерін тигізеді.

Осыған орай, бүгінгі таңда елорданың қоғамдық көлік саласында айтарлықтай өзгерістер орын алуда.
Бірінші кезекте, бұл «Astana EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуде тиісті деңгейде қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстың жаңа үлгісіне тікелей қатысты. «Біз барлық өзгерістерді дұрыс қабылдаудамыз және ол өзгерістердің алғашқы оң нәтижелерін көрудеміз» дейді қалалық қоғамдық көлік мекемелері басшылары.
Қаладағы №1, 2, 3, 4 және №6 автобус парктері басшыларының айтуынша, көлік саласының мамандары өз жұмыстарын тиянақты атқаруда. Ал, түйткілді мәселелерді қала әкімшілігімен бірлесе шешеді.
Қазір автопарктер заманауи талаптар мен ақпараттық технология­ларды пайдалана отырып, толық көлемде жолаушыларды тасымалдауға мүдделі. Кейінгі кезде жүргізушілер мен кондукторлардың біліктілігін арттыру бағытында да белсенді жұмыстар жүргізілуде.
– Әрқайсымыз өз саламызды жетік меңгергенбіз. Сондықтан, елорданың қоғамдық көлік саласын жетілдіру бағытындағы жауапкершілікті сезінеміз, – дейді № 1, 2, 3, 4 және №6 автобус парктерінің өкілдері.
Олар түйткілді мәселелердің оң шешімін тауып, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге құлшына кірісіп отыр.

Жұма ҒАЗИЕВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button