Ел тынысы

Осы аптада Астанада жылуды айыруы мүмкін

Синоптиктер бүгіннен бастап Астанада ауа температурасы күндіз +10, түнде +5 градустан жоғары болады деп болжап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ал апта соңына дейін күндіз +23, түнде +8 градусқа дейін көтерілмек. Сәрсенбі күні жауын жаууы ықтимал болса, сенбі-жексенбі күн ашық болады.

Жалпы сәуір айы бойы елдордада күн желкем болмақ. Осы апта желдің орташа жылдамдығы секундына 20-21 метр болса, бейсенбі күні оның қарқыны 31 метрге дейін жетпек.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 5 жыл бұрын санитарлық нормаларға сәйкес жылыту маусымы ауа температурасына сай өзгертілген болатын. Егер, 5 күн қатарынан түнде +5 градустан жоғары болса, нысандар мен ғимараттар орталықтандырылған жылудан ажыратылмақ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button