Әлеумет

ОТАНДЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ



Астана тұтынушыларды отандық өнімдермен қам­та­масыз ету жағынан аймақтар арасында көшбасшы орынға шығып отыр. Өткен жылдың соңында ғана елорда төрінде қазақстандық кәсіпорындар тіккен киім-кешек сататын әмбебап орталық ашылған болатын. Ал, өткен аптада бас қалада тек қана елімізде өндірілген азық-түлікті саудалайтын алғашқы дүкен есігін айқара ашты. Бұл екі жоба да Қазақстанда тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр.

Дүкеннің ашылуында сөз сөй­леген Қазақстан сауда кәсіп­орын­дары қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева сауда орнында сатылатын азық-түлік тауарларының бағасына 15 пайыздан артық үстеме қосылмайтынын айтады. Ал, аталмыш жобаны қолға алған «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаеваның айтуынша, дүкен­нен еліміздің барлық облыстарында өндірілетін азық-түлік тауарларын табуға болады.

«Дүкеннен Қазақстанның бар­лық аумақтарынан әкелінген азық-түлік түрлері бар. Сөрелерге үш жүзден астам отандық тауар брендтерінің екі мыңнан астам аталымы қойылған. Бұл – тұтынушылар мойындаған, халықтың жақсы бағасын алған тауар маркалары. Қазақстандағы алғашқы дүкен елордада ашыл­ғандықтан оған «Астана. Халық маркасы» атауын қойдық. Бола­шақта еліміздің барлық өңірінде осындай дүкендер желісін аш­пақшымыз. Оның әрқай­сысының өз атауы болады» дейді Римма Тәжібаева.

Оның айтуынша, еліміздің барлық аймағында тек отандық азық-түлік сататын 22 дүкен ашу жоспарлануда.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Материалды «Астана ақшамы» газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button