Жаңалықтар

Отаншыл оқушылар



Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Айбын» әскери-патриоттық ойыны мен 11-сынып оқушыларына әскери тіркеу куәліктерін табыстау рәсімі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

Мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Ауған соғысының ардагері Нұ­ра­лы Әубәкіров ұйымдастырған «Айбын» әскери-патриоттық ойынында 11-сынып оқушылары пневматикалық қарумен ныса­наны көздеу, автоматты жинап-құрастыру, қорғаныс костюмін жылдам киіп-шешу, сапта жүріп ән салу, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бо­йынша сайысқа түсті. Сайысқа қазылық еткен Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшесі Қанат Кәрімов пен №1, №82, №84 орта мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері ең мықты әрі шапшаң команданы анықтап, жеңімпаздарды кубокпен және арнайы дипломдармен марапаттады.
Ал «Бүгінгі оқушы – ертеңгі Отан қорғаушы» атты әскери тіркеу куәліктерін табыстау салтанатына ҚР Қарулы күштері ардагерлер одағының төрағасы, подполковник Аманғали Ерекешев, Ауған соғысының ардагерлері Сәбит Ақбаев пен Дәуренбек Искаков, ақын, әнші Асқар Сағнаев және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатыс­ты. Куәлікті табыстау сәтінде сөз алған Аманғали Ерекешев «Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Еліміздің келешегі – жастардың қолында. Сондықтан қашанда рухы биік, отаншыл азамат боп өсіңдер. Болашақтарың жарқын болсын!» деп жас жеткіншектерге ағалық ақ тілегін білдірді. Шара барысында оқушылар өнер көрсетіп, жиналғандарды ән мен күйге бөледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button