Қала мен Сала

Пиротехникалық заттардан қауіп көп



«Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» алаңында «Пиротехникалық заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлының және Астана қаласы Полиция департаменті қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Әсет Жүніспековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Жаңа жыл мерекесін балалар ғана емес, ересектер де асыға күтеді. Әрине, бірде-бір жаңа жылдық кеш шыршасыз болмайды. Мереке кезінде келеңсіз оқиғаға ұшырамас үшін жаңа жылдық кештерді орнату және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері қатаң сақталуы керек.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының айтуынша, Астана қаласы аумағында ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында, ішкі істер органдары мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды бейберекет сату фактілерін анықтауға және болдырмауға бағытталған жыл сайынғы «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

– Бұл шараның басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Шара басталғаннан 2 күн ішінде күнделікті базарларға, дүкендерге және өзге де сауда орындарына 34 рейдтік іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 11 фактісі анықталып, кінәлі адамдар ҚР ӘҚбК 196-бабына сәйкес еркiн сауда жасауға ҚР заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл 25 айлық есептік көрсеткіш – 75900 теңге. Айналымнан 920 бірлік пиротехникалық бұйым тәркіленді, – деді Е.Отарғалымұлы.

Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пиротехникалық бұйымдардан жарақаттанудың алдын алу мақсатында оқу орындарында ІІД және ТЖД қызметкерлермен профилактикалық жұмыс­тары жүргізілуде. Оқушыларға лекция оқылды.

Астана қаласы Полиция департаменті қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Әсет Жүніспековтің айтуынша, жаңа жылдық іс-шараларды мерекелеу қарсаңында және өрттің алдын алу, адамдардың жарақаттанбауы мақсатында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындау керек.

– Жаңа жылдық іс-шараларды мерекелеу қарсаңында және өрттің алдын алу, адамдардың жарақаттанбауы мақсатында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындау үшін кемінде екі эвакуациялық шығумен қамтамасыз етілген және 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар пайдалану; жаңа жылдық шыршалар үй-жайдан шығуға кедергі келтірмейтін, тұрақты жерге орнықты орнату; иллюминация электр қондырғыларын орнату ережелерінің талаптарын сақтау; іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың, өртке қарсы қызмет жұмысшыларының кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілгені абзал, – деді аға ­инспектор.

Сондай-ақ терезелерінде торы бар үй-жайларда іс-шараларды өткізуге болмайды. Өртке әкелуі мүмкін доғалық прожекторларды, шамдарды және шапалақтарды, отшашуларды қолдануға және басқа да өрт қауіпті жарық әсерлерін, отшашу, бояу және басқа да жарылыс-өрт қауіпті нәрселерді қолдануға тыйым салынады және қатарлар арасындағы өткелдерді азайтып, өту жолдарын қосымша креслолар, орындықтар орнатуға; мерекелеу кезінде ішкі жарықтандыруды толығымен өшіруге; пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден жақын жерде, ағаштар мен шатырлардың астында отшашулар ұйымдастыруға және оларды желді ауа райында қолдануға жол берілмейді.

Пиротехникалық өнімдерді қолданғанда, ғимаратқа 50 ­метрге дейін жақын қашықтықта, бастырма және ағаш астында, сондай-ақ желді ауа райында отшашу атуға болмайды.

– Кез келген төтенше жағ­дайда адамдардың өмірін уақытылы эвакуациялау жолымен құтқару маңызды, осыған байланысты эвакуациялық және шығатын жолдардың жағдайына назар аударамыз. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өз мүлкін және ең бастысы адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді, – деді Ә.Жүніспеков.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button