Ел тынысы

Президентке есеп берді



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық ахуал, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, төлем балансының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді және банк  болжамына сай қалыптасып отыр. Сонымен қатар Президентке Ашық банкинг тұжырымдамасын қолданысқа енгізу және төлем нарығын реттеу мәселелері жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Президентке University Medical Center корпоративтік қоры қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Мемлекет басшысына мекеме негізінде алғашқы Интеграцияланған академиялық медициналық орталық құру арқылы UMC-ді трансформациялау барысы туралы мәлімет берілді. Негізгі мақсат – білім беру, зерттеу ісін және клиникалық тәжірибені тоғыстыра отырып, медициналық қызмет сапасын жақсарту.

Юрий Пя Қасым-Жомарт Тоқаевқа заман талабына сай дәрігерлерді даярлау үшін Қордың жүзеге асырып жатқан шаралары туралы айтты. Сондай-ақ еліміздегі медициналық білім беру ісін жетілдіру перспективалары туралы көзқарасын жеткізді. Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелері, соның ішінде қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдалану және Қазақстанда медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шаралары талқыланды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button