Елорда тынысы

Қала жоспарын талқылайды



Астанада қала бөлігінің егжей-тегжейлі орналасуын өзгерту бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі. Қоғамдық талқылауды 16-21 тамыз аралығында елордалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, сондай-ақ Есіл, Нұра, Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары әкімінің аппараттары өткізеді.

Астанада Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылдарының, Достық және Қабанбай батыр даңғылдарының, Қорғалжын тасжолының, Анатолий Храпатый, Әбубәкір Тыныбаев, Шарль де Голль көшелерінің, Тәуелсіздік даңғылының қиылысы бөліктерінің аумағында егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер және толықтырулар енгізу жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі. Мұнда гүлзарлар, жағалаулар және басқа да қоғамдық кеңістіктер мен ғимараттар салу жоспарланып отыр. Талқылаулар 16-21 тамызы аралығында сағат 10:00-17:00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13:00-14:30-ға дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері) Рес­публика даңғылы, 32, 1-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.

Дәлелді пікірлер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошталарға nura.astana.kz@gmail.com, esil.akimat@astana.kz, almaty.aydany.kz@gmail.com, baykonyr@astana.kz, saryarqa.astana.kz@gmail.com немесе қолма-қол Астана қаласы, Ә.Мәмбетов көшесі, 24 үй, Республика даңғылы, 32 үй, 1-қабат, ұсыныстарға арналған жәшіктері арқылы жіберуге болады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button