SportЖаңалықтар

ҚАНАТ ИСЛАМ АТАҒЫН АСТАНАДА ҚОРҒАЙДЫ



Астанада 9 қыркүйек күні Қанат Ислам мен кана­далық Брэндон Кук кездеседі. Бұл бокс кешінің шең­берінде қолғап түйістіретін қазақстандықтардың есімі белгілі болды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық ма­­манданды­рылған көр­месінің аясында ұйымдастырылып жат­қан жекпе-жек шаршы алаңда жеңіліп көрмеген мықтылардың арасында өтпек. Брэндон Кук Қанат Исламның осы уақытқа дейінгі ең тегеурінді қарсыласы болмақ. Ол кәсіби бокста 19 кездесу өткізіп, барлығында мерейі үстем болған.

Бұл бокс кешінің көрігі тағы 8 кездесумен қыза түседі. Нақ­тырақ айтсақ, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұр­сұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жанайбаев өзге ел­дер­дің беткеұстар боксшыларымен күш сынасады.Бокс кеші «Сарыарқа» велотре­гінде өтеді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button