Мәдениет

Қанатқақты концерт



Елордада «Astana Ballet» симфониялық оркестрінің дебюттік концерті өтті. Концертте бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен 70 музыкант өнер көрсетті. Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.

[smartslider3 slider=2362]

«Бүгін барлық қазақстандықтарды құттықтағым келеді. Себебі 12 жыл бұрын дәл осы күні музыкалық мектепке 1000 оқушы барған еді. Енді солардың ішіндегі 70 музыкант сіздердің алдарыңызда тарихи сәтке куә болып тұр. Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін! Жетістіктер мен жақсы жаңалықтардың куәсі бола берейік!» деді ­Мәдениет және спорт министрі.

«L’ouverture» концертінің бағ­дарламасында классикалық музыканың танымал туындылары бар. Концерттің бірінші бөлімінде Е.Брусиловскийдің «Дударай» симфониялық поэмасы, К.Сен-Саенстің «Danse Macabre», Н.Римский-Корсаковтың «Испан каприччосы» тыңдалды. Екінші бөлімде С.Рахманиновтың №3 фортепиано мен оркестрге арналған концерті қойылды. Жеке партияны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ­стандық пианист, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Әмір Тебенихин орындады.

 Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button