Мәдениет

Әйелдің әсем әлемі

Ұлттық музейде ақын ҚазКСР Халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың 115 жылдығына арналған дәстүрлі «Таң Шолпан» көрмесі ашылды. Көрмеге «Таң Шолпан» халық­аралық тәуелсіз суретші әйелдер қорына мүше суретшілердің туындылары қойылды.

[smartslider3 slider=2363]

Алдымен Мәриям Хакім­жанованың шығармашылық және қоғамдық қызметінің кезеңдері, Қазақстанның бейнелеу өнерін дамытудың өзекті мәселелері қамтылған «дөңгелек үстел» мәжілісі ұйым­дастырылды. Онда суретшілердің жағдайы баяндалды. Қатысушылар қоғамдағы әйелдер шығармашылығының мақсаты мен міндеттері туралы пікір алмасты.

Ұлттық музейдің өнертану бөлімінің жетекшісі Елдос Мертенов шараның маңыздылығын атап өтті.

– Мәриям Хакімжанова – өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғаған тұлға. Тағдыры ерекше ақынның өмір жолын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан, бүгінгі көрменің берер тәлімі мен атқарар рухани рөлі өте зор, – деді Е.Мертенов.

«Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының президенті, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жәмилә Тәкеннің айтуынша, аталмыш қор суретші әйелдердің шығармашылық дамуына арналған алаң. Онда әрқайсысы өзінің көркемдік стилі мен композиция­лық идеясын көрсете алады. Ал аталмыш көрмеде 47 суретшінің 123 туындысы көрермен назарына ұсынылды.

Жалпы «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорындағы суретшілердің есімдері көптеген республикалық және халықаралық көрмелер арқылы таныс. Бұл қатарда Камила Жапалова, Динара Нугер, Гүлнар Исина, Бота Төлеш, т.б. қылқалам шеберлері бар.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button