Мәдениет

«Қар ханшайымын» ұсынады



13-14 қаңтар күндері Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ганс Христиан Андерсеннің «Қар ханшайымы» музыкалық ертегісінің премьерасын көрермен назарына ұсынады.

Ертегінің қоюшы режиссері – Бауыржан Нұрбай, қазақ тіліне аударған – Айнұр Омаш, редакторы – Алтынай Маханбет, сахна суретшісі – Арна Алпысбаева. Спектакльдің басталуы – сағат 11.00.

Ганс Христиан Андерсеннің «Қар ханшайымы» музыкалық ертегісі патша көңілді көрерменге достық пен алғашқы махаббат, адалдық пен сатқындық яғни, өмір жолын таңдау мәселесіне көмектеседі. Ал ересектер үшін – балалық шақ әлеміне еніп, әлемді балалардың көзімен көрудің бірегей мүмкіндігі. Әлем әдебиетінің алтын қорына енген Кай мен Герданың классикалық хикаясы жастарды толғандыра отырып, өскелең ұрпаққа батырлықты, шынайылықты дәріптейді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button