Шаһар шежіресі

Ақмолалық қос қаламгер

Ақмолалық жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының облысаралық бөлімшесінің әдеби консультанты Әскен Нәбиев 60 жасқа толғанда (1983 жылы) әріптес інісі, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Мәди Хасенов: «Қаламы жүйрік, тілі көркем, ойы терең жазушы ретінде әсер еткен аға қаламгер Әскен Нәбиев бізге ерекше ыстық көрінеді.

Көңіліміз жақын, ойымыз ортақ, мақсатымыз бір Әсекеңнің шығармашылық әрбір қадамы, әдебиет әлеміндегі тынымсыз еңбегі мен табыстары, шыққан әр биігі біздің көз алдымызда…» деген еді.

Ал жазушы Мәди Хасенов 50 жасқа толғанда (1 желтоқсан 1986 жылы) Әскен Нәбиев: «Жазушының өзі қалап алған, өз жүрегі ұнатқан тақырыбы – оның көңіл-күйі мен сыр-сипатын, ой парасаты мен шеберлігін қалтқысыз танытатын қасиеттер. Оның туындылары сонысымен бүкіл республикамыздың оқырмандар қауымына жақсы таныс. Ал қаламынан туған көркем шығармалар шыншылдығымен, кейіпкерлерінің асқақ арманмен астасып, замана талабын тап басып жатады» деп баға беріпті.

Бұдан осы өңірде туып-өсіп, қатарлас қалам тербеген екі жазушының бір-біріне деген ізеттігі, сыйластықтары мен өзара құрметтері анық аңғарылады.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button