Жаңалықтар

ҚАРЖЫ АВТОБАНДЫ КҮТУГЕ ЖҰМСАЛАДЫ



Астана Боровое

«Астана – Бурабай» автобанының пайдалануға берілгеніне көп бола қоймаса да, ол ел экономикасының бүйірін толтыруға үлес қосуда.

Атап айтқанда, өткен жылдың алты айының ішінде ғана осы ақылы жолдан сегіз жүз миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл ақша негізінен жолды пайдалануға жұмсалды. Ал, биылғы жылы автобан арқылы бір миллиард екі жүз миллион теңге қаржы жинау жоспарланып отыр.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі М.Пішембаев: «Ақмола облысындағы Бұланды, Бурабай, Ақкөл аудандарының тұрғындары құны бір мың теңгеге абоненттік билет сатып алып, сапалы жолмен әрі-бері бір жыл бойы еркін қатынай алады. Жеңіл көлік үшін 200 теңге ғана белгіленген. Негізінен, біз ақшаны транзиттен аламыз. Бүгінде жүк көліктері 4,5-5 мың теңге төлейді. Ал, жиналған ақша жолды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл жолға бюджеттен ақша алмаймыз» деді.

Айта кетерлігі, аталған жолда ақы төлеудің аралас жүйесі енгізілген. Автокөлік иелері терминал арқылы қолма-қол, сондай-ақ, банк карталары немесе арнайы транспондерлер арқылы да ақы төлей алады. Жалпы, «Астана – Бурабай» автобаны іске қосылғаннан бері жол-көлік апаттарының саны 4,5 есеге азайған.

Сағи ОРАЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button