Басты ақпаратДенсаулық

Қателік жүйенің жүйесіздігінен кеткен



Елімізде көптеген емдеу орындары жекешелендіріп, науқастар үшін Damumed мобильді қосымшасы жұмыс істегелі екі жылдан асты. Бұл жүйе ауруханалар мен емханаларда науқастардың сағаттап кезекте тұруы және дәрігерлердің қағазбастылық қарбаласы сияқты ескі әдістерді бірте-бірте азайтып, олқылықтың орнын цифрлы қызмет түрі алмастырған еді. Биыл алты айдың ішінде Damumed-те шамамен 75,5 миллион теңгеге 11607 толықтырулар болған Міне, осындай жаңа жүйеге бетбұрыс жасап жатқанда Damumed-тен дау шықты. Осы орайда Damumed-тің бас директоры Наталья Киль сын-ескертпелерге жауап берді.

«Соңғы уақытта компания тарапына шағым айтушылардың қатары көбейіп кетті. Қателік Damumed тарапынан емес, электронды жүйенің дұрыс жұмыс жасамауынан. Мұндай мәселе бұрыннан бар екен. Бұл мәселемен Денсаулық сақтау министрлігі де таныс. Науқастардың Damumed-ке қатысты түсінбеушіліктері тек мобильді қосымша арқылы пациенттердің кері байланысының арқасында көтерілді. Бұл функция 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Сонымен қатар пациенттер бізбен тікелей байланыс орталығы мен әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шықты. Мұндай жағдай бірінші рет емес, біз бұл туралы медициналық ұйымдардың өкілдеріне айттық және тиісті басқару органдарына ресми хаттар жіберілді. Осы жылдың ақпан айында Денсаулық сақтау министрлігінің көмегіне де жүгіндік. Шамамен сол уақытта МӘМС қорының сұрауымен компания осы ахуалға орай сараптамадан өткен. Алайда белгісіз пациенттердің дәрігер қабылдауында болды деген жалған көрсеткіштер тіркелгені рас. Қағазбасты­лықтан арылып, жаппай электронды порталға көшу кезінде амбулаториялық карталардың ауысып кетуінің салдарынан болған» деп ақталды компания басшысы.
Дегенмен бұл қателікті түзету кеш емес. Тұрғындар емханаға хабарласып, мәліметтерді тез жаңартуға болады екен. Сондай-ақ компания қазіргі уақытта науқастарға осындай оқи­ғалар кезінде қажетті әрекеттерді түсіндіру үшін әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ Damumed компаниясының директоры егер науқас өзі туралы жазбаға күмәнданса, Медициналық сақтандыру қорына 1406 нөміріне немесе олармен тәулік бойғы байланыс орталығына +7 775 007 03 50 телефоны арқылы хабарласу керек екенін түсіндірді. Айта кетейік, Damumed қосымшасы – дәрігерге қоңырау шалып, кездесуге, кеңес алуға және тағы басқаларға мүмкіндік беретін кеңейтілген медициналық ақпараттық жүйе.
«Бір қызығы, жалған деген жазбалардың арасында нақты дәрігерге келмегенін айтқан адамдардың қабылдауға өтініш қалдырғандары анықталған. Сондықтан әрбір жағдай тергеуді қажет етеді, мұны медициналық қызмет көрсету ережелерін сақтауға жауапты адамдар шешуі керек» дейді Наталья Киль. Осы орайда тұрғындар да ашық әрі әділ болуы маңызды. Азаматтардың белсенділігінің арқасында біз ашықтықты қамтамасыз ете аламыз, бұл жүйеде олқылықтарды тауып, оларды болашақта қайталамас үшін түзетудің маңызы зор. Денсаулық сақтау министрлігі де, MHIF те жағдайды толығымен жоюға мүдделі» деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Кожахметов.
Сонымен бірге Бас прокуратура Damumed жүйесінде болуы мүмкін алаяқтықты тексеруді бастайтыны туралы хабарлады. Алты айдың ішінде Damumed-те шама­мен 75,5 миллион теңгеге 11607 толықтырулар бол­ған. Бұл мониторингті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары жүргізді. Ендігі міндет – Damumed-ке қатысты істің ақ-қарасын анықтау.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button