Мәдениет

Мінәжат орны табылды

Биылғы археологиялық қазба жұмыстары кезінде Түркістан шаһарының ең ежелгі бөлігі – Күлтөбе қалажұртында ғалымдар ханака деп атайтын ежелгі сопылық мінәжат ету ғимараты табылды.

Бұл ерекше олжаны Eurasian Resources Group (ERG) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы аясында Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары тапқан.
Мамандардың пікірінше, күлтөбелік ханака – XV ғасырдан XIX ғасырға дейінгі аралықта қызмет еткен мінәжат ету және жерлеу рәсімдері өткен сәулет ескерткіші. Өйткені мұнда кешеннің барлық үй-жайлары мен ғұрыптық залдарының қалдықтары ғана емес, дәруіш орденіне қызмет еткендердің сүйегі табылды. Мұндай ескерткіштер Түркістан облысындағы Отырар және Қаялық қалажұрттарындағы екі ханаканы есепке алмағанда, отандық ғылымда іс жүзінде әлі белгісіз және аз зерттелген.
Күлтөбе қала жұртындағы ханака – жылыту пештері мен кішкентай тандырлары бар 10 бөлмеден тұратын кешен. Ғимараттың оңтүстік-шығыс бөлігінде 7 жерленген жерасты табыты бар тікбұрышты пішінді кесене орналасқан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button