Қала мен Сала

ҚАТТЫ ОТЫН ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖЕТКІЛІКТІ?



Астана қаласы әкімдігінің арнайы жұмыс тобы БАҚ өкілдері­мен бірге елордадағы көмір сататын бірқатар кәсіпорынға барып, ондағы жағдайды өз көздерімен көріп, жұмыс барысын қадағалап қайтты.

Жұмыс тобы алдымен Герцен көшесі, 6/2 мекенжайындағы кәсіпорынға ат басын тіреді. Мұнда бағасы 11500 теңге тұратын кузнецк көмірі ғана бар болып шықты. Ал осы жерге жақын маңда орналасқан Герцен 6/1 мекенжайында­ғы кәсіп­орында қаражыра көмірі сатылуда. Отынның бағасы 14000 теңге болса, тұтыну­шылар бағасы – 13500, ал қалыпты баға – 10500 теңге. Жұмыс тобы барған уа­қыт­та кезекте тұрған 90-ға жуық жүк көлігінің 60-сына көмір тиеліп жатты. Кезектегі Мейрам есімді тұтынушымен тілдескенімізде, ол көмір сатып алуға кезекте тұрғандардың алды түнгі сағат 3-тен бері осы жерге келгенін айтты.
– Соңғы 2-3 күннен бері бұл жерде көмір болмап еді. Бүгін бар екен. Бірақ түстен кейін аяқталып қалуы мүмкін. Бастысы, мұндағы кезек күту жағы жолға қойылыпты. Әйтпесе, бұрын кезекке тұрғандар арасында төбелес жиі болып қалатын, – дейді Мейрам.
Ал Көктал көшесі, 78 мекен­жайындағы кәсіп­орында қаңтарыла кезек күткендер қатары қалың болды. Жүк көліктеріне отын тиеу жұмысы баяу жүріп жатқанына, бірнеше вагон көмірдің түсірілмей тұрғанына көп­шілік нара­зылық танытты. Алайда кәсіпорын басшысы Дулат Құсайын мұндағы дүрлігудің себебін түскі үзіліспен байланыстырды.
– Шұбаркөл – 11500, Май­көбе – 9500, ал Богатырь 6500 теңге тұрады. Түске дейін
60 жүк көлігіне отын тие­ліп жөнелтілді. Ал вагондар­дағы көмір түстен кейін тү­сіріледі. Отын барлық тұ­ты­нушыларға жетеді. Бүгінше ең соңғы сатып алу­шыға
дейін қызмет көрсете бе­реміз. Сондықтан мұнда дау-дамай болмайды, – деді кәсіпорын басшысы.
М.Дулатов көшесі, 182 мен Алаш тас жолы 19/1 мекенжайларында көмір отыны болмады. Жұмыс тобы бұл кәсіпорындар қақпасының сыртынан қайтты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button