Қала мен Сала

БІРЛІК ЖАРШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер арасында өткізілген «Бірлік жаршысы» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Елімізде тұрып жатқан этностардың мәдение­тін насихаттауға және Қазақстан халқы ассамблеясы институтының беделін әрі этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған материалдар қазылар алқасының қарауына жіберілді. Нәтижесінде «Егемен Қазақстан» газеті интернет-редакциясының тілшісі Аян Әбду­-
әли, «Хабар24» телеарнасының тілшісі Қарлығаш Қайыпбекова және «Астана» радиосының жүргізушісі Ақбота Ахметова үздіктер көшін бастады. Жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.

Гүлдана Талғатқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button