Sport

ВЕНГРИЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Будапешт қаласында өткен Әлем кубогында елордалық аула клубының тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды.

Венгрия астанасы Будапешт қаласында 5-8 қазан аралығында киокушинкай каратэ бойынша «World Dream Cup» ашық Әлем кубогы өтті. Жарыс балалар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер арасында өткізілді. Оған Германия, Ресей, Венгрия, Украина, Беларусь, Бельгия, Швеция, Испания өкілдерімен қатар еліміздің атынан 12 спортшы қатысты.
Нәтижесінде жасөспірімдер арасында елордалық «Cross Fit Kids» аула клубының тәрбиеленушілері үздік нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Мансұр Иманвердиев мен Шыңғысхан Ибраев I орынды жеңіп алса, Арлан Ибраев II орын иеленді.
Биылдан бастап қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «CrossFit Kids» аула клубы каратэ-киокушинкай, кроссфит, грепплинг секциялары бойынша тегін жұмыс істеп келеді. Осы қысқа мерзім аралығында аула тәрбие­ленушілері көптеген жарыстарда жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Кенесары көшесі, 42 мекенжайында орналасқан аула клубының есігі әркімге ашық.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button