Жаңалықтар
Қазақстан халқының саны 17 миллионнан асты
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов еліміздегі демографиялық көрсеткіштерге қатысты жаңа деректерді мәлім етті.
Осы жылдың 1 қарашасындағы мәліметтер бойынша, еліміздегі халық саны 17 миллион 125 мың адам болып отыр. Оның ішінде қалалықтар 9 миллион 422 мың болса, ауылдықтар 7 миллион 703 адам. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда халық саны 215 мың 200 адамға өсті. Халықтың табиғи өсімі 215 мың 900 адам. Бұл 1 адамға шаққанда 15 адамға көбейіп отырғанын көрсетеді.