Басты ақпаратҚала мен Сала

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы – тәуелсіз еліміздің үлкен тойы.

1495680202_article_b

Туымыз – ашық аспан астында бейбіт өмірді қалайтын қазағымның қарапайым ғана болмысы. Шұғылалы күн шуағын төккен күннің саясында қанатымен қалықтап қыран ұшып кетіп барады. Бұл да біздің еркіндігіміз, тәуелсіздігіміз, азаттығымыз.

Елтаңбамыз – құтты тіршілігіміздің куәсі. Дөңгеленген дүниеге дәстүрімен дәріптелген қасиетті шаңырақтың астындағы бірліктің бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің шыңы.

Ширек ғасырлық тарихы бар тәуелсіз елдің таңбаларын ұлықтайтын шаралар легі Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. 25 жыл: қолдануының тәжірибесі мен тарихы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясымен басталды.

Жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеп, мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен бағалау мәселесіне арналған конференцияның ашылуында Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов сөз сөйлеп, қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады.

– Елімізде мемлекеттік рәміздерді пайдалану және оларды қолдану саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Оларды бүкіл әлем біледі десек артық емес. Бұл ерекше мәні бар сәттер еліміздің тарихындағы елеулі кезеңдерге айналғаны анық. Осы 25 жыл барысында мемлекеттік рәміздер елімізді танытудың және шетелге де тәуелсіз Қазақстанның гүлденуінің шынайы шындығын көрсетудің негізі бола білді, – деді Ерлан Ермекұлы.
Мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы одан әрі арта беруі үшін оны пайдалану жөніндегі жұмыстар жандана түсуге тиіс. Осыған орай, отырыс барысында Заңнама институтының, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының және Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының өкілдері мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша жұмыс тәжірибелері жөнінде пікірлерін ортаға салды. Рәміздерді пайдалану және қолдану саласында белгіленген жұмыстардың нәтижелерімен бірге, мемлекеттік рәміздерді, тиісінше, қалыптасқан ережелерге сай пайдаланбау деректері кездесетін кемшіліктері де сөз болды.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіз мемлекеттің ажырамас негізі болып табылады. Біздің Туымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында желбіреп, Әнұранымыз қазақстандық спортшылардың жеңісі кезінде олимпиадалық ойындарда бүкіл әлемге шырқалып, Елтаңба ұлттық валютамыз – теңгеде міндетті таңбасы ретінде белгіленді. Ең алғашқы қазақстандық ғарышкерлермен бірге мемлекеттік рәміздер де ғарышқа ұшты. Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын саяси тұрақтылықпен, дамыған экономикамен қарсы алудамыз.
Тәуелсіз елдің таңбаларын әр азамат қадір тұтып, киесіндей, иесіндей қарауы тиіс!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button