ЖаңалықтарРесми бет

Құндылықтарды дәріптеген

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай «Тәуелсіздік рәміздері» атты кітап-құжаттық көрме өтті.

1433332462_memlekettik-ramizder-kuni

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін өнегелі өткеніміз, кемел келешегіміз, бүгін мен болашақты жалғайтын сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Кітап көрмесінің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков пен профессор Камал Бұрханов сөз сөйлеп, көрмеге келушілер мен кітапхана оқырмандарын айтулы мерекемен құттықтады.
Жастардың мемлекеттік рәміздерімізді жіті танып, олардың елге деген отаншылдық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге тақырыпқа сай 40-тан астам кітаптар мен құнды құжаттар қойылды.
Көрме «Қасиетті көк байрағы елімнің», «Елтаңба – елдігімнің айшығы» және «Әнұран» атты үш бөлімнен тұрды. Олардың арасында Әбдуәлі Қайдардың «Қазақ қандай халық?», Бүркіт Аяғанның «Тәуелсіздік нышандары», «Государственные символы Республики Казахстан. Символы Независимости» сынды кітаптардан бастаған тәуелсіз мемлекетіміздің, оның тарихи даму идео­логиясының негізгі бағыттарын көрсететін кітаптар да бар.
Көрменің ашылуында Қазақстан тәуелсіздігіндегі мемлекеттік нышандардың жалпы тарихы, авторлардың өмірбаяндары, мемлекеттік рәміздердің дамуы туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді. Ел тәуелсіздігі тарихындағы құндылықтар мен жетістіктерді насихаттап, қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған көрме жаңа материалдармен толықтырыла отырып, 10 тамызға дейін жалғасатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button