Ресми бет

Ән қанатында

Әнші болу – бала кезімдегі арманым. Бірақ ән айтып сахнада жүру маған бұйырмаса да, сахнада жүрген қаншама жас әншіге дәріс беріп, оларды халыққа таныту – менің міндетім.

Сонғы үш жыл бойы елордадағы №2 өнер мектебінде эстрадалық вокалдан дәріс беремін. Табиғи таза дауысы бар шәкірттердің саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде олар қалалық, облыстық, республикалық, халқаралық байқаулардың жүлдегері атанды. Мысалы, «Қазақстан дауысы», «Славян базары», «Новая волна», «Бақытты бала» секілді байқаулардың лауреттары болған үздік шәкірттерімнің қатарында Ерсұлтан Омар, Айғаным Амантай, Айкерім Тілеубек, Нұршуақ Болат бар.

Оқу жылы аяқталғанымен, оқушыларым маусым айы бойы жазғы лагерьде, әр демалыс күндері қалалық саябақтарда өнерін көрсетіп шыңдалуда.

Сондай-ақ №2 өнер мектебінің өзге де шәкірттеріне дәріс беріледі. Шәкірттер мектепте сүйіп таңдаған мамандығымен қоса, сольфеджио, фортепиано, хор, музыка, әлем және қазақ әдебиетінен де білім алады. Жазда гаджетке телмірген, үйде қараусыз қалған балалардың бос уақыты көп. Сондықтан олардың бойында қандай да бір ерекше қабілеттерді байқап, қайбір салаға бейімі барын ата-аналар әу баста ұғуы тиіс. Ал болашағы жарқын, өздеріне сенімді, ән айтамын деушілерді өнерге баулу, дауыстарын қалыпқа келтіру, оларға қолдау көрсету – ұстаздар қауымының парызы.

Рая ОРАЗБАЕВА,

эстрада-вокал

 сыныбының ұстазы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button