Ресми бет

Жемқорлыққа қарсылық – әрбір азаматтың міндеті

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Олардың бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.

Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сол себепті, сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Осы орайда, Астана қаласының Байқоңыр ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру жөнінде жыл сайын тиісті шаралар мен жоспарлар жүзеге асырылады. Соның ішінде 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын атап өткім келеді.

Жоба аясында мемлекеттік органдар, құқықтық тәртіп, қоғамдық кеңестер, сарапшылар қауымдастығы, ардагерлер және басқа да ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кездесулер, пікірталас алаңдары, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің парақшалар мен сенім телефонының «1424» нөмірін тарату.

Жоба шеңберінде Мемлекеттік билік органдарының, қоғам мен жастардың өзара іс-қимыл мәселелерін өзектендіру мақсатында мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен ­диалог өткізу;

Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы қалай мәлімдей аласыз?» брошюраларын тарату (жыл бойы);

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына төмендегідей жұмыс жоспарлары әзірленуде:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатураға конкурс өткізу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде ашық алаңдар өткізу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнематериалдар әзірлеу;

Бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі ­медиа-жоспарды әзірлеу.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында тұрғындармен тұрақты кездесулер, жеке қабылдаулар, аралау жұмыстары жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері әр сәрсенбі сайын елордалық мәслихат депутаттары мен қалалық басқарма өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті мекеме басшылары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен аудан тұрғындармен кездесулер өткізіліп келеді. Онда ауданның орталық бөлігінен бастап, тұрғын алаптарға дейін барлық кварталдар қамтылады. Аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, тиісті шешім қабылдау мақсатында бастау алған бұл науқан қазіргі таңда «Ашық есік күнімен» жалғасуда. Айта кетейік, бүгінде ауданымыздың дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына белсенді тұрғындардың ықпалы жоғары. Олар ауданның белсенділері ретінде жергілікті тұрғындарды мазалаған түйткілді мәселелер мен олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, жүйелі шешімін табуға септігін тигізіп келеді. Тұрғындармен бетпе-бет форматындағы «Ашық есік күні» бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұдан бөлек, тікелей әр бөлімнің мамандарымен, аудан әкімі ретінде менің жеке қабылдауыма жазылып, тілдесіп, өз мәселелерінің шешімін таба алады.

Ауданды аралау, аралау барысында тұрғындардың ұсыныстарына құлақ асу – өте маңызды шаралардың бірі. Онда абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру, инфрақұрылым, санитарлық-тазалық, әлеуметтік салаға қатысты сұрақтар жиі келіп түседі. Бүгінде олардың тілге тиек еткен мәселелерін тиісті деңгейде шешу мақсатында бірқатар бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Мәселен, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында бүгінге дейін едәуір аулалар күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа қалыпқа келді. Жарықтандыру жұмыстары да жүзеге асырылды. 2023 жылы аталған жобада жеңіп шыққан 20-дан аса ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта абаттандырылып, пайдалануға берілген аулалалар да бар. Айта кетейік, өткен 2022 жылы ауданда барлығы 55 аула алаңы жаңартылып, бірқатар аулаларда қосымша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара  ұсыну жолымен сатып алуы».

Сонымен қатар, 2023 жылдың I тоқсанындағы әкім аппаратымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау жөніндегі атқарылған жұмыстарды да назарларыңызға ұсынамыз.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қыз­метшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек көрсетілді. Оның ішінде: мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға, азаматтардың жеке қабылдаулары, сондай-ақ, аралау кездесулер, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу шаралары.

Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнама жүргізілді.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылығының бірі болып осымен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы.

Ерлан ЖАУЛЫБАЕВ,

Байқоңыр

ауданының әкімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button