Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН – ЖАЛҒЫЗЫМ



Астана қаласы әкім­дігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі және Астана күніне арналған «Қазақстаным-Ғажапстаным» атты мүшәйра өтті. Біз бүгін сол жыр додасында топ жарған бір топ ақынның өлеңдерін оқырман назарына ұсынамыз.

Қазақстан
Жырсың ғалам,
ғаламат нұрсың далам,
Етек-жеңін қаусырып
қусырмаған.
… Қазақстан, қарғам-ай, әнім едің –
қанатында аққудың сусылдаған.

Мөлдір тамшы ілінген бүрінде емен,
Көкжиекке көз салсам Күнін көрем.
… Қазақстан!
қастерлі күйім Менің –
Тұяғында дүлдүлдің дүбірлеген.

Ақ таң туса Алашқа арыс күткен,
арнасынан асады ағыс біткен.
Құба далам ойласамтына қалам
домбыраның ішегіндей қағыс күткен.

Асылдардан аманат…тапты мені,
ғасырлардан күткенім ақ күн еді.
… Қазақстан – бабамның ақ батасы
Қазақстан – анамның ақ тілегі.

Замананың тербелсе шынар бағы,
Ұлытаудың шуламай ұларлары…
Қазақстан – қызымның қызғалдағы –
Қазақстан – ұлымның ұлы арманы.

Қазақстан!көнермес көктем елім,
өзіңе аян,көгеріп көктегенім…
Қазақстан – жалғызым,жалғызыма –
Жар бола гөр, жаратқан, –
деп келемін.

Шомылатын шуаққа шоқ қарағай,
Күннен қуат іздеген,оттан арай,
…Қазақстан – жүрегім,
Жүрегімнің –Мәңгілікке дүрсілі тоқтамағай!
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ

 

АСТАНА
Мәртебесі елімнің,
Кіндігі байтақ жерімнің,
Айбыны асқақ төрімнің,
Сенсің – Астана!

Бостандықтың бесігі,
Болашақтың есігі.
Елбасының шешімі,
Сенсің – Астана!

Арманы өткен бабаның,
Тарихы көне даланың,
Ойлары ұлы дананың,
Сенсің – Астана!

Ұрпақтың өшпес жырысың,
Бейбіт күннің нұрысың.
Сенімен бірге тынысым,
Аяулы Астана!

Бәйтерегің бойласын,
Келбетің күнде жайнасын.
Шаттығыңды тойласын,
Халқың, Астана!

Ықтияр МЫРЗАҚҰЛОВ

АСТАНА
Әлемнің кеткен сыйып бар асылы,
Жайнап тұр EХРО-ның қалашығы.
Көрсеткен кереметтің не түрлісін,
Астана, сен көзімнің қарашығы!

Болжайтын болашақты ар жағынан,
Туғансың Елбасының арманынан!
Көркіңе таңдай қағып, кең дүние
Жырлайды ойда бұлбұл,
тауда қыран.

Сан ғасыр өзіңді аңсап күткен дала,
Күн сайын көрінесің тіптен жаңа.
Төгесің бақыт нұрын байтағыма
Жарқырап маңдайыма біткен қала.

Көрейін ажарыңды көз барында,
Бөркімді аспанға атып озғаныңда.
Жол тартқан Мәңгілікке ұлы көштің,
Тағдыры, тізгіні де өз қолыңда!

Қаланған әр кірпішің қазақ үшін,
Жас ұрпақ тарихыңды жазады шын.
Атанса Қазақстан – ғажапстан,
Ғажаптың ішіндегі ғажабысың!

Арман ШЕРИЗАТ

ЕСІЛ БОЙЫН ЖАҒАЛАТА ҮЙ ТІКТІМ…

Бізге өзгеше сәуле төгіп жарық күн,
Бесігімде сол сәулеге қаныппын.
Ақынымын – Астанасы бар елдің,
Ақынымын – бостандығы бар ұлттың.

Аспан асты, жер үстінде желпінген,
Бұл даланың еркін жортқан бөлтірігі ем.

Жастап жатып оянғанмын
мен алғаш,

Ертоқымын көшпендінің тер сіңген.

Беймаза түн!
Есімді алма, сен енді,
Жылдар көрер күн сипаған
төбемді.
Тұмсығымды айға тіреп
алғаш мен,
Атажұртқа қарап жазғам өлеңді.

Баурайыңда бауырым аман,
Күн аман,
Қазақ Елі – әлпештеген ұлы анам!
Ырымдаймын, босағама ақ төгіп,
Ұлым күнде жол қараса қуанам.

Елдік таңы көрік қосып көгіме,
Шомыламын тыныштықтың
көліне.
Аспаныма ақ кептерлер ұшырып,
Құшақ-құшақ гүл егемін жеріме.

Қазақ жұртын бауырыңа бас,
ғалам!
Ұлың менмін, ұлы күрес бастаған.
Жалғыз өзі жауға тиер жалаңаш,
Қандай ауыр ұрыстардан
қашпаған.

Дәуірлерден сығалаған ғасырдың,
Жанарына қасіретімді жасырдым.
Ғарыш түсті көк туымды
жамылып,
Атажұрттың алдына кеп
бас ұрдым.

Адал болып, азат елдің сертіне,
Мен жырлаймын,
жырлай берем желпіне.
Мәжнүндейін жүз айналам –
Астана!
Еуропаңды екі орайтын көркіңе!

Жаңа ғұмыр жарқыраған
санамда,
Еркін рухым түспес енді талауға.
Есіл бойын жағалата үй тіктім,
ЭКСПО деп елеңдеген ғаламға.

Жердің белін қайыстырған
салмағы,
Самұрық құсым – айдан әрі
самғады.
Ертеңіме ЭКСПО-дан жалғасқан,
Елбасымның жатыр ұлы арманы!

Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button