Жаңалықтар
Қазақстандықтарға 4 трлн теңгеге жуық кредит берілді. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2014 жылғы маусымда 8200,4 млрд теңгеге дейін, яғни 1,9 пайызға төмендеді, ал жеке тұлғаларға 3962,9 млрд теңгеге дейін, яғни 0,4 пайызға ұлғайды. Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2014 жылғы маусымда 1,2 пайызға төмендеп, 12163,3 млрд теңгені құрады.