Жаңалықтар

ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ



Кеше өткен Астана қаласы мәслихатының Бюджет, экономика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қалада «Жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының барысы қаралды. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рыскүл Қауғабаева баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2010 жылдан бері аталмыш бағдарлама шеңберінде елордада 733 жобаға қолдау беріліп, 8 мыңнан астам жұмыс орындары сақталды. Ал жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 5,3 мың. 19 млрд теңгеден астам салық төленді. Нақтырақ тоқталсақ, қонақ үй бизнесі секторында 40-тан аса жоба, қайта өңдеу өнеркәсібінде 150-ден астам жоба мақұлданды.

Баяндамашы жеткізген бір жаңалық, елордада жыл соңына дейін кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің тағы бір орталығын ашу жоспарлануда. «Қазіргі орта­лық оң жағалауда орна­лас­қандықтан, келесісін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, сол жағалауда ашпақпыз. Ғимаратты анық­тадық. Жыл соңына дейін іске қосқалы отырмыз» дейді басқарма басшысы.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button