Ақтаңдақтар ақиқаты

Қошке мектебіндегі рух салтанаты



Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №49 орта мектебіне Алаш қайраткері, жазушы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы, көсемсөзші Қошке Кемеңгерұлының есімі берілуіне орай аталмыш білім беру ошағында «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Жиынға Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, журналистер және ата-аналар қауымдастығы қатысты.

[smartslider3 slider=3063]

Салтанатты іс-шарада Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса, Аманжол Әлтай, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» орталығының бас директоры Ербол Тілешов, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, Павлодар облысы Баян­ауыл ауданы білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры Мадиян Каб­дуова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы құттықтау сөздерін айтты.

Конференцияда ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Сақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұл, филология магистрі, Ege университеті түрік әлемін зерттеу институтының қызметкері Диляра Гокче, PhD, Анкара Хажы Байрам Вели университеті әдебиет факультеті фольклор кафедрасының оқытушысы Бекарыс Нұриман, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлназ Төкенқызы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Алмас Иманғали, Л.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, осы мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қайырбек Кемеңгер қатысып, баяндама жасады.

Білім ордасының басшысы Арай Мұхаметжанова мектептің жетістіктері мен инновациялық және шығармашылық жұмыс­тардың көрмесін және «Қошкетану» орталығында қаламгер мүсінінің салтанатты түрде ашылуын тамашалауға шақырды.

Мүсінді ашу құрметі Қазақстан Республикасы прокуратурасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсет Малғаждарұлына, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевке және Қошке Кемеңгерұлының немересі Ризабек Нарманбетұлына берілді.

Мектептің талантты оқушылары Қошке туындылары мен өз шығармашылықтарын мәнеріне келтіріп оқып, өнерлерін көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Егінбайқызының жетекшілігімен мектептің жас мамандарынан құрылған «Жас қанат» театрының әртіс­тері Қошкенің 1926 жылы Қызылорда қаласында Мемлекеттік ұлт театрының ресми ашылуында қойылған «Алтын сақина» пьесасын сахналады. Салтанатты шара Қошке ұрпақтары және мектептің домбырашылар ансамблі­нің орындауындағы күмбірлеген күймен көркемделді.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button