Басты ақпаратЖаңалықтар

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!



Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құт­тықтаймын!

1407672557_astana3

Еліміз тағы бір жылды еңсеріп, күнтізбеде жаңа жылдың беті айқара ашылды. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл еліміз үшін жемісті болды.
Біз Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық белесін зор табыспен қарсы алдық. Елбасының салиқалы сая­сатының арқасында ширек ғасырда бүкіл әлем Қазақстанды өзгелермен терезесі тең, қуатты әрі мерейлі мемлекет ретінде таныды.
Өтіп бара жатқан жыл Астана үшін аса табысты болды. Елорда тұрғындарының саны 1 миллионға жетті. Алғаш рет қала қазынасына 1 триллион теңге түсті. Елорданың үлесі ел бюджетінің 18 пайы­зын құрап, рес­публикалық бюджеттің доно­рына айналды. Сондай-ақ, осы жылы 2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2015 жылмен салыс­тырғанда 1,8 есеге артық.
Біз келер жылы да осы қарқынды еселейтін ауқымды жұмыстар жүргізетін боламыз. Елбасының бекіткен бағдары – айқын, мұрат-мақсаты – биік.
Халқымыз «Ескi жыл есiркесiн, жаңа жыл жарыл­қасын» дейді. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан үмiтiмiз де, тiлегiмiз де көп.
Жаңа жыл ырыс пен берекенің бастауы, жақсылық пен қуаныштың жаршысы болғай. Сіздерге зор ден­саулық, еңбектеріңізге береке тілеймін!

Құрметпен,
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button