Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС ҚЫМБАТШЫЛЫҚТАН ТОҚТАП ТҰР



Құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты кейбір құрылыс нысандарында жұмыс тоқтап қалды. Әсіресе мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан компаниялар тығырыққа тірелген.

Өйткені қажетті материал жобаны жасап, қаржысын есептеген кездегі бағадан әлдеқайда қымбат. Кәсіпкерлер бюджетті қайта қарауды ұсынып отыр. Нұр-Сұлтан қаласында 34 жобаны қайта қаржыландыру бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтініш жасалды. Енді оны Ішкі аудит комитеті тексереді. Егер мақұлдаса, бюджеттік комиссияға енгізіліп, қаржы бөлу мәселесі қарастырылады.

Есеп бойынша елордадағы жобаларды қосымша қаржыландыруға шамамен 60 миллиард теңге керек.

– Сметалық құжаттамаларды қайта қарастыру бойынша арнайы алгоритм жасалды. Енді бұл жерде кімдер қатыса алады десеңіз, тізімге енгізу керек. Ол үшін кемінде 10 пайыздан жоғары қымбаттау болуы керек. Одан кейін 50 пайызға дейін жасалған жұмыстар бойынша қарастырылып жатыр. Құрылыс басқармасын алатын болсақ, оның өзінде 17 нысан бар. Оның он нысан бойынша оң шешімін тауып, олар ісін бастады, – деді қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев.

 Шынболат КҮЗЕКБАЕВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button