Жаңалықтар

Қызмет көрсету сапасы артты



«Астана – адалдық алаңы» жобасының сарапшылары коммуналдық шаруашылық, сәулет, жер қатынастары салаларының мамандарымен бірлесіп «Астанаэнерго­сбыт» ЖШС-тің жаңартылған қызмет көрсету орталығымен танысып шықты.

Осыдан 5 ай бұрын бұл мекеменің барлық қызмет көрсету орталықтарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде электронды кезек, кондиционер, диспенсер, шағын дәріхана ретке келтірілді. Оған қоса, коммуналды қызметтерді төлеудің баламалы мүмкіндігі жасалып, жарымжан жандарға жағдай жасалды.
Аталмыш шара алдағы уақытта қаланың басқа мекемелерінде кедергісіз орта құру, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button