Басты ақпаратМәдениет

Рахмадиевте – Рахманинов туындылары



Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен «Forte Trio» мем­лекеттік триосы әйгілі композитор Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына арналған «Арнау» атты камералық музыка концертін ұсынды.

Рахманиновтың таланты Мәскеу консерваториясында оқыған жылдары-ақ жоғары бағаланды. Сол кезде Петр Чайковский жас музыканттың туындыларына риза болып, оған төрт плюспен «5» деген баға беретін. Жас композитор консерваторияны фортепиано және композиция сыныбы бо­йынша «Үлкен алтын медальмен» бітірген. Кейіннен Рахманинов Чайковскийге арнап «Ұлы суреткерді еске алғанда» туындысын арнады. Концертте осы шығармамен қатар Чайковскийдің «Ұлы артистің құрметіне» атты фортепианоға арналған туындысы орындалды.

Ал «Forte Trio» мемлекеттік триосының құрылғанына биыл 10 жыл болады. Оның негізін белгілі музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тимур Урманчеев қалады. Өнер ұжымы үш аспапты – фортепиано, скрипка және виолончельді біріктіреді. Оның құрамында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты Мұрат Нарбеков (виолончель) пен халықаралық байқаулардың лауреаты Мақсат Жүсіпов (скрипка) бар. Концерттің жеке орындаушысы – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Расул Жармағамбетов (баритон).


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button