Қала мен Сала

Реновация игілігі



Астана қаласының тұрғын үй қорын жаңарту мен жаңғыртудың 2028 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Байқоңыр ауданында ескі, апатты жағдайдағы 62 тұрғын үйді ысыру жоспарланған. Жақында аталмыш аудан әкімі Талғат Рахманберді осы аудан аумағында көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмысын жүргізетін құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, босайтын аумақта салынатын нысандар мәселелерін талқылады.

«Елорда инфрақұрылымын жаңалау көптен бері күн тәртібінен түспей келеді. Жаңалау, яғни реновация – қаланың қалыптасқан бөлігін жүйелі түрде қайта құру арқылы елорданың келбетін жаңа қалыпқа келтіру. Бүгінде реновация аясында тозығы жеткен ескі үйлерді ысыру, орнына жаңа инфрақұрылым жайластыру аса өзекті. Осындай өзекті мәселенің басты шешімі – инвестиция тарту. Инвестиция тарту – перспективалы жобаларды әзірлеуге және іске асыруға, әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысында аса маңызды. Бұл ең алдымен креативті кластерлерді дамыту, соның ішінде жаңа технологияларды қолдана отырып, инфрақұрылым құру қарқынын арттырады» деді Талғат Рахманберді.

Жиын барысында аудан аумағында кешенді жоспарлау жобасы аясында көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу және инфрақұрылым жүйесін дамыту мәселелері сөз болды. Құрылыс компанияларының өкілдеріне Байқоңыр ауданының кешенді жоспарлау жобасы ұсынылды. Аудан әкімдігі тарапынан аудандағы көпқабатты тұрғын үйлерді көбейту жұмысы ұсынылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button