Елорда тынысы

Медицина мәселелерін ­талқылады

Жақында Астана қалалық мәслихатында депутаттар ­қаланың денсаулық сақтау саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі, арнайы техниканың төмен жағдайы және басқа да өзекті мәселелерді талқылады

– Бүгін біз халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жедел медициналық жәрдем станцияларының проблемалық мәселелері тақырыбына қайта оралдық. Елордада жедел медициналық көмек көрсету бойынша 11 пункт бар, олардың кадрлармен қамтылуы 90 пайызды құрайды. Бірақ мамандарды, әсіресе жүргізушілерді іріктеуге қатысты шағым көп түсіп отыр. Жедел жәрдем жүргізушілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының өскені байқалуда. Оларды жүргізуші ретінде қызметке аларда іріктеу ашық түрде өткізілмейді, сонымен бірге көлікке бекітілген жүргізушілер көліктің техникалық жай-күйін бақыламайды, ауысымды басқа жүргізушіге тапсыр­ған кезде көлікті тиісті деңгейде қабылдап алмайды, – деді отырыста қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Сондықтан ол жедел тәртіпте автокөліктердің техникалық жай-күйін, жүргізушілердің жұмысын бақылау әдістемесін пысықтау, кадрлық іріктеуге, сапалы арнайы көлік сатып алуға назар аудару керегін айтып, сол жұмыстарды тиісті тұлғалар мен мекемелерге тапсырды. Бұдан басқа, ол алдағы 3 жылға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың кешенді жоспарында көзделген Алматы, Байқоңыр және Нұра аудандарында жедел жәрдемнің 3 қосалқы станциясын салу үшін жер учаскелерін іздеуді жеделдету қажеттігін атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button