Талайғы тарихТаным

Сәбиттің сапары



Сәбит Мұқанов драматургия саласында да көп еңбектенді. Кезінде театр сахнасынан тұрақты орын алған «Шоқан Уәлиханов», «Қашқар қызы», «Сәкен Сейфуллин» пьесалары – көрермендер тарапынан жоғары бағасын алған шығармалар. Мәселен, 1967 жылы – Қазан революциясының 50 жылдығына орай Целиноград қаласының М.Горький атындағы драма театрында Сәбит Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы сахналанды. Сондай-ақ аталмыш пьеса Алматы, Қарағанды қалаларында да аншлагпен өткен.

Осы кезде Ақмола төрінде бас қосқан бір топ зиялы қауым өкілдері Сәбит Мұқановты ортаға алып, естелік суретке түседі. Фотосуреттегі Әнуар Ипмағамбетов, Октябрь Әлібеков, Нұрғожа Оразов, Жарасбай Нұрқанов, Рахия Әлімбекова, Жұмамұрат Тұяқбаев, Қабиден Тәйкенов, Тұрсынбек Тасқожин, Хисамедин Сыздықов, Сапар Сайдалин, Раушан Мақажанова, Болат Бабақов, Баян Омарбекова және тағы басқалардың жарқын бейнесі көзге оттай басылады.

Суретті жеке қорынан редакцияға ұсынған ардагер-журналист Қазина Сәдуақасқызы Нұрқанова




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button