Мәдениет

Сахнада – «Сұлтан Бейбарыс»



Жуырда «Астана Балет» театрында «Сұлтан Бейбарыс» қойылымының премьерасы өтіп, оны көрермендер қызыға тамашалады.

Қойылымда қазақ жерінде туып, жаугершілік заманында тұтқынға алынып, жат елде ерен ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлік жолға дейін көтеріліп, Мысыр мен Сирияның мәмлүк сұлтаны болған Бейбарыс бабамыздың тағдыры бейнеленген.
Жаңа шығарманы жұртшылыққа жеткізуге еліміздің талантты өнер қайраткерлері үлес қосты. Соның ішінде ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков либреттосын жазса, ­Хамит Шанғалиев пен ­Әлібек Әлпиев музыкамен әрледі. Сондай-ақ қойылымға халықаралық жобаларымен танымал, шетелдік білікті мамандар сценограф және қою­шы-суретші Леонид Басин мен костюмдер әрлеушісі Ася Соловьева атсалысты.
Тұғырлы туындыны сахналаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы-хореограф Мукарам Авахри көпшілікке таныс оқиғаны жаңа формада бедерлеп, көрерменге тап-тұйнақтай жеткізе білді. Әсіресе балет әртістерінің шеберлігі тәнті қылды.
Негізі, аталмыш балеттің дайындығы бір жыл бұрын басталған, бірақ қазіргі жұқпалы індетке байланыс­ты премьераны бірнеше рет кейінге шегеруге тура келді. Дегенмен, жаңа қойылым сәтті өтті.
Айта кетейік, «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау» қорының тарихи балет қою туралы идеясы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асты.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button