Денсаулық

Сақтандыру – денсаулық кепілі



Қазір Астана қаласы тұрғындарының 82,2 пайызы МӘМС жүйесінің қатысушысы, ал сақтандырылмағандар үлесі 17,8 пайызды құрайды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының баспасөз қызметі мәлім етті.

2023 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны 1083876 болды. Ал 235005 қала тұрғыны МӘМС жүйесімен қамтылмай отыр.

2023 жылдың қаңтар айында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған Астана қаласы тұрғындары­ның үлесін бөліп қарастырсақ: соңғы 12 айда төлемдері жоқ адамдар – 59%; жұмыскерлер – 26%; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – 5%; жеке кәсіпкерлер – 5%; дербес тө­леушілер – 3%; БЖТ төлеушілер – 2%; тағы басқалары – 0,2%.

– Сақтандырылған астаналықтар кез келген уақытта, қажет болған жағдайда, олар медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмек ала алады. Дегенмен жүйеден тыс қалған 235 мың азамат бар. Олар қандай да бір түрлі себеппен жүйеден шығып қалған. Әйтсе де МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаса да, барлық азамат тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде медициналық (шұғыл медициналық көмек, жедел жәрдем бригадасын шақыру, учаскелік дәрігер қабылдауы, т. б.) көмек ала алады, – деп түсіндірді Медсақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button