Жаңалықтар

Сарыбұлақта апта сайын сенбілік



Қала әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мен «Жаснұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорнының қызметкерлері мен еріктілер апта сайын Сарыбұлақ өзенінде сенбілік өткізеді.

Бастамашы топ өзен аумағын қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ су айдыны мен өзен арнасы тазартылды. Өткен сенбілікте бір тоннаға жуық қоқыс жиналған. Қала әкімдігі қалдықтарды кез келген жерге тастау қоқыс полигондардың пайда болуына әкеліп соғатынын ескертіп, қала тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға, қоқыстарды арнайы контейнерлерге тастауға шақырады. Табиғат аясында демалу кезінде де тазалық сақтаған жөн.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button