ЖаңалықтарМәдениет

Саябақтар саясына шақырады



Бүгін Астанадағы бес бірдей қалалық сая­бақ жазғы жұмысын бастайды. Нақтырақ айт­сақ, Астана, Жерұйық, Студенттер, Президент және Арай саябағы. Жаңа маусымда саябақтар жаңа келбетке ие болды. Қосымша аттракциондармен толығып, әр келушіге көңіл көтеретін бағдарламалар қарас­тырылған. 

20160520195448

Бүгін сағат 14.00-де Студенттер саябағында «Әлемнің 7 кереметі» атты шоу өтеді. Жаңартылған саябақтардан балалармен қатар, үлкендер де сая табады. Мысалы, экстримге әуес жандар үшін «Америкалық сырғанақ» және «5-элемент» қыз­мет көрсетсе, балаларға «Зымыранда ұшу» сияқты аттракциондар ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер көпірі жағындағы кіреберіс те айтарлықтай өзгермек. Онда әдемі мүсіндер мен басқа да шағын архитектуралық пішіндер қойылады.
Елорда саябағы киелі құстарға көбейіп жатыр. Ақ аққулардың қатарын биыл қара және қарамойын аққулар және мандаринка үйректерінің төрт жұбы толықтырды.
Саябақтың орталық аллеясында, яғни Тұран даңғылы жағында «жасыл энергияны» қолданудың нақты мысалы ретінде сигвей мен гироскутерлермен сырғанауға мүмкіндік бар.
Биыл Жерұйық саябағына тұңғыш рет «Тосын сый» және «Жұлдызқұрт» сияқты ірі аттракциондар қойылады. Елорда қонақтарына жаңа форматтағы ойын-сауықтар Студенттік саябақта да ұйымдастырылмақ.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button