Басты ақпаратЖаңалықтар

ӘДЕМІ ӘРІ КӘДЕЛІ

«Астана – ақылды қала» жобасы іс жүзінде қолға алынғанын елорда көшелерін жаяу аралаған кезде аңғаруға болады. Бас қаламыздың Бауыржан Момышұлы даңғылында қазақтың кәдімгі киіз үйі пішіндес құрылма пайда болды. Онда қала тұрғындары мен қонақтары бір сәтке аялдап, ұялы телефондарын қуаттай алады.«Астана – ақылды қала» жобасы іс жүзінде қолға алынғанын елорда көшелерін жаяу аралаған кезде аңғаруға болады. Бас қаламыздың Бауыржан Момышұлы даңғылында қазақтың кәдімгі киіз үйі пішіндес құрылма пайда болды. Онда қала тұрғындары мен қонақтары бір сәтке аялдап, ұялы телефондарын қуаттай алады.

kbb_5629

ЭКСПО қарсаңында жасалып жатқан осындай игі істер елордамыз­дың көркін ашып, мәртебесін биіктетері айқын. Бұл инновациялық қадамдардың ұлттық нақышта орындалып жатқаны да қуантады.

kbb_5622
– Қандай әдемі! Біздің ұлттық киіз үйіміз, яғни қара шаңырағымызды өте сәтті пайдаланған. Бір жағынан қазақтың салты насихатталса, екінші жағынан пайдалы болмақ. Өзіме қатты ұнады, шетелдіктерге де ұнайды деп ойлаймын. Осында отырып телефонды қуаттандырып әрі демалып алуға да болады, – дейді қала тұрғыны Балайым Ақылбекқызы жүзіне күлкі үйіріліп.

kbb_5620

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button