Жаңалықтар

Сербия инвесторлары елорда құрылысына қатысады



Сербиялық инвесторлар елорданың құрылыс секторына шамамен 80 млрд теңге жұмсайды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Сербия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владан Матич және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Құрметті консулы Миланка Карич тұрғын үй кешенінің құрылысы мәселелерін талқылады.

Кездесуде Алтай Көлгінов қолайлы инвестициялық климат үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
«Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігінің есебіне сәйкес, елорданың несиелік рейтингі жақсы жағына өзгерді. Бағалау кезінде қаланың инвестициялық рейтингі де есепке алынды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button