Мәдениет

Шәкәрім ақын шалқарынан



Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты қалалық іріктеу байқауы өтті.

Оған қала мектептерінен 34 өтініш түсіп, «Шәкәрім оқуларына» 5-7-сыныптың 21 оқушысы қатысты. Байқау ережесі бойынша талапкерлер ақынның өздері таңдаған 20 өлеңін жатқа оқуға тиіс болды. Ұлттық академиялық кітапхана қызметкері Жанар Таңсық, ақын Лаура Палман,  Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйе­сінің кітапханашысы Сағыныш Сейдахметова қазылық жасап, оқу мәнері, сауаттылық, сахна мәдениетіне мән берді.

Байқау қорытындысы бойын­ша Қарақат Ернұр жеңімпаз болып танылып, Ұлттық академиялық кітапханада 6 наурыз күні өтетін «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауына жолдама алды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button